Қ.И. СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Мұнайдың шығу тегі
Жамишева Молдир Габитовна
Джумагалиев Руслан Сабырович, Теңізшевройл компанисының бас геологы
e-mail: zhamisheva@gmail.com
Мұнай жəне газ өнеркəсібінің қарқынды дамуы осы күнге дейін мұнайдың жаратылысы туралы нақты жауап бере алмауда, ал бұл сұрақ осы салада еңбек ететін жұмысшылар үшін өте өзекті жəне ғалымдарға бүгінгі таңдағы жұмбақ. Жұмыстың негізгі мақсаты: мұнайдың шығу тегі туралы теориялармен жақынырақ танысу, сонымен қатар кең тараған биогенді жəне10 абиогенді теорияларды салыстыру, корреляция негізінде мұнайдың жаратылысы туралы жаңа көзқарас пен пікірді ұсыну. Ерте заманнан бері мұнайдың шығу тегі туралы ымыраға келмес пікірталастар толқуда, əсіресе екі теорияны атап өткен жөн: биогенді жəне абиогенді. Бұл жұмыста атақты ғалымдардың теориялары мен болжамдары ұсынылған, мəселен, Менделеев, Губкин, Кудрявцев жəне т.б. Мұнайдың жаратылысы жалпы планктонға негізделген деп есептеледі, жəне құрамында органикалық заттың сапропельді түрі бар жыныстардан тұратын қабаттар мұнайаналық болуы əбден ықтимал, жиі түрде бұл саздар, ал сирек кездерде – карбонатты жəне құмтасалевролитті жыныстар. Əр теорияны жеке қарастыра отырып, əр түрлі кен орындардан тереңдікке байланысты мұнайдың құрамын зерттей отырып, жəне де басқа да институттар мен ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, жұмыста осы аядағы барлық зерттеу жұмыстары барынша қамтылған.
Бұл еңбек жоғарыда атап өтілген теориялар мен зерттеулердің негізінде жаңа гипотезамен терең танысуға мүмкіндік береді.